дәлелдеп берді. 1985 жылы О.Б. Баймұратовтың ғылым экономикасы саласындағы зерттеу циклі Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығымен марапатталды.
Өндіргіш күштерді зерттеу кеңесіО.Б. Баймұратовтың ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіндегі жемісті кезеңдері 1980 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Өндірістік күштерді зерттеу кеңесіне (ӨКЗК), алдымен төрағаның бірінші орынбасары, ал 1983 жылдан 1994 жылға дейінтөраға қызметіне ауысуымен байланысты. Осы кезеңде оның Батыс Қазақстан, Арал және Балқаш бойынша ірі ғылыми экспедициялардың, бірқатар ірі мемлекеттік ғылыми бағдарламалардың, сондай-ақ Алматы қаласының «Интенсификация-90» бағдарламасының жетекшісі ретіндегі тамаша ұйымдастырушылық қабілеттері айқын көрінді.
Оның ғылыми ізденістерінің басты бағыттарына әлеуметтік-экономикалық болжау, өңірлік экономика, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мәселелері айналды. Сонымен қатар, бұл зерттеулер тек экономикалық емес, пәнаралық сипатта жүргізілді, бұл О.Б. Баймұратовтың ғылыми дүниетанымының кеңдігінің дәлелі.
О.Б. Баймұратовтың ғылыми және ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде ӨКЗК біртіндеп елдің жетекші ғылыми орталықтарының біріне айналды. Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы ӨҚЗК әзірлеген ғылыми зерттеулер тек республикада ғана емес, бұрынғы Одақ республикаларының ғылыми орталарында да кеңінен танылды.. АҚШ, Англия, Қытай, Швеция, Австрия, Болгария ғалымдарымен халықаралық байланыстар нығайды. Сонымен Ресей Ғылым академиясының академиктері А.Г. Гранберг, А.Ю.Ишлинскиймен, РҒА корреспондент-мүшесі Б.В. Гусев, В.А. Лисичкин, Д. Димитров, А.И. Щербаковпен сынды профессорлармен, доктор Д.А. Виттпен және т.б. тығыз ынтымақтастық орнады.
1980–1990 жылдардың тоғысында О. Баймұратовтың бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар өзекті, бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған ірі мәселелері зерттелді. Сол кезеңде ӨҚЗК Батыс Қазақстан өңірін кешенді түрде зерттеумен айналысты.. Зерттеулер нәтижесінде бірқатар маңызды ғылыми тұжырымдар жасалды: өңірдің өндіргіш күштерін дамыту стратегиясы негізделді, мұнай-газ өндіру және мұнай-химия өнеркәсібінің даму болжамы жасалды, көмірсутек шикізатын пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары анықталды, сондай-ақ Батыс Қазақстанның өндіргіш күштерін кешенді дамытудың тұжырымдамасы әзірленді. Бұл ғылыми нәтижелер бұрынғы